Бөлінген қаржының 121,5 млрд теңгесі мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне, 1,04 трлн теңгесі орта білім беру ұйымдарына, 39,8 млрд теңгесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бағытталды.
Мысалы, 2020 және 2022 жылдарды салыстыратын болсақ, педагогтердің еңбекақысын көтеруге және оларға үстемақы төлеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 3 есеге өскен.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. 2021-2022 жылдардың қаңтарында олардың жалақысы да тағы 25%-ға өсті. Сәйкесінше, жылдан жылға білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, яғни тәрбиешілердің, мектептер мен колледждер педагогтерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының еңбекақысын арттыруға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып келеді. Сондай-ақ олар біліктілік санаты (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерін), магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны, дәптер тексергені, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша ақы алады", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.