2022 жылы "ҚазТрансОйл" табысы күрт төмендеді

"ҚазТрансОйл" компаниясының таза табысы өткен жылы 60,9%-ға азайып, 19,8 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

2022 жылы "ҚазТрансОйл" табысы күрт төмендеді Фото: Turkystan.kz

"2022 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған таза табысы 19 млрд 801,7 млн ​​теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 60,9%-ға төмен", - деді компания өкілі арнайы брифингте.

Бұл ретте компанияның 2022 жылғы кірісі 255,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға жоғары.

"ҚазТрансОйл" таза пайдасы 8,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 78,3%-ға төмен.

 ҚТО жай акцияларының 90%-ы "ҚазМұнайГаз" АҚ-қа тиесілі, бір акцияны алып тастағандағы 10%-ы миноритарлық акционерлердің бақылауында.  ҚТО акциялары 2012 жылдың соңында Қазақстан қор биржасында (KASE) "халықтық IPO" аясында орналастырылды. 

Бір акцияның құны 725 теңге болды. 9 наурызда KASE сауда-саттықтары бір акция үшін 709 теңге деңгейінде жабылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу