2022 жылы коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін – ДДСҰ

1503

COVID-19-дың таралуын тоқтату үшін әлемдегі халықтың кем дегенде 70% вакцина алуы шарт.  

2022 жылы коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін – ДДСҰ

2022 жылы коронивиус пандемиясы аяқталуы мүмкін. Ол үшін барлық мемлекетті COVID-19-ға қарсы екпемен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.

"Биыл пандемия жарияланғанына үшінші жыл. Осы жылы ол аяқталады деген сенімдемін. Бірақ біз оны бірге жеңуіміз керек", - деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Оның айтуынша, әлемдегі коронавирус пандемиясы аяқталуы үшін 2022 жылдың ортасына дейін барлық мемлекеттегі халықтың 70% екпе алуы керек.

"Бізге үкіметтерден Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мақсатты шараларды, оның ішінде барлық елдегі вирустың нұсқалары туралы ақпаратты кез-келген айыптау шарасынан қорықпай-ақ пайдалануды жалғастыруымыз шарт", - деді ДДСҰ-ның бас директоры.

Тедрос Адханом Гебрейесус жаһандағы тұрғындарды сақ болуға шақырды.

" Барлық елің тұрғындары маска тағып, арақашықтықты сақтап, жұрт көп жиылған орындарға бармай, достарымен ашық аспан астында сөйлесіп, ауасы тазарып тұратын орындарға атқаруы керек", - деді Бас директор.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу