2022 жылы МӘМС мөлшерлемесі өзгереді

1547

Ең төменгі жалақы мөлшері ұлғаятындықтан дербес төлеушілер үшін жарна мөлшерлемесі де 2 125 теңгеден 3 000 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылы МӘМС мөлшерлемесі өзгереді

Спикердің айтуынша, келесі жылы жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударымдарының мөлшері 3%-ға дейін өседі. Алайда жарналар жалақының 2% мөлшерінде бұрынғысынша жалақыдан ұсталатын болады.

“2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін ұлғаятын болғандықтан, дербес төлеушілер үшін жарна мөлшерлемесі де 2 125 теңгеден 3 000 теңгеге дейін өзгереді (1 ЕТЖ-дан 5%). Тиісті өзгерістер ЖК, АШ иелеріне және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – 2 975 теңгеден 4 200 теңгеге дейін (1,4 ЕТЖ-дан 5%)”, – деді басқарма басшысы.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін БЖТ мөлшері өседі, өйткені бірыңғай жиынтық төлем айлық есептік көрсеткішке байланысты. Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін ол 3 063 теңгені (1 АЕК), басқа елді мекендердің тұрғындары үшін – 1 532 теңгені (0,5 АЕК) құрайды.

“Естеріңізге сала кетейін, халықтың 15 жеңілдік санаты үшін мемлекет жарна төлейді. Сондықтан, бұл адамдар автоматты түрде сақтандырылған болады және барлық МӘМС қызметтері тегін алулары керек. Сақтандырылу үшін алдыңғы 12 айға жарналар төленуі қажет. Сақтандырылушы мәртебесін алуға болатын БЖТ төлеушілер үшін келесі үш төлемнің болуы ерекшелік болып табылады. Егер сіз БЖТ төлемін осы айда немесе алдын-ала уақтылы жасамасаңыз, онда мәртебе болмайды және оны қалпына келтіру үшін Сіз БЖТ-ның үшінші дәйекті төлемінің басталуын тағы да күтуіңіз керек немесе тәуелсіз төлеуші ретінде алдыңғы 12 айдағы қарызды өтеуіңіз керек”, – деп түсіндірді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу