2022 жылы медициналық қызметтерге тариф қайта қаралады

1575

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен жеке қорғаныс құралдарына арналған шығыстарды өтеу бойынша ұсыныстар әзірленбек.  

2022 жылы медициналық қызметтерге тариф қайта қаралады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының өсуін ескере отырып, медициналық қызметтерге арналған тарифтер қайта қаралады, университеттік клиникалар үшін коэффициенттер, сондай-ақ өңірлермен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс үшін ҰО мен ҒЗИ үшін коэффициенттер әзірленеді", - деді министр.
Сондай-ақ, ол Сovid-19 жұқтырған науқастарды стационарда емдеуге және жазылып шыққандарға медициналық оңалту үшін жаңа тарифтер көзделгенін хабарлады. Бұл тарифтер төсек-күндерге есептегенде стационарларда емделу шығыстарын төлеу бойынша жинақталған деректерді ескере отырып әзірленеді. Сонымен қатар, мобильді бригадаларға және қашықтықтан консультацияларға тарифтер дайындалады.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке тарифтерді белгілеу басталды. Пациенттердің жағдайының ауырлығын ескере отырып, кардиохирургия, миокард инфарктісі, инсульт, травматологиялық және инфекциялық аурулар бойынша тарифтерді пилоттық режимде белгілеу жоспарлануда.

"2021 жылы денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі құралдарын жаңарту мақсатында біз жол картасын іске асыру шеңберінше және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерге тариф белгілеу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Жеке қорғаныс құралдарына арналған шығыстарды өтеу жөнінде ұсыныстар әзірленеді", - деді Алексей Цой.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу