2022 жылы мұнай тапшылығы 5,1 пайызға дейін төмендейді – Руслан Дәленов

1699

Макроэкономикалық болжам негізінде 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы әзірленген. 

2022 жылы мұнай тапшылығы 5,1 пайызға дейін төмендейді – Руслан Дәленов

"Трансферттерді ескерусіз республикалық бюджет кірістері болжам бойынша 2020 жылы 8 трлн теңгені, 2021 жылы – 8,6 трлн теңгені, 2022 жылы – 9,4 трлн теңгені құрайды",– деді Руслан Дәленов үкімет отырысында.

2020 жылы бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге шаққанда 2,1% деңгейінде анықтау ұсынылады, 2021 жылы ол біртіндеп ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ға дейін, 2022 жылы ЖІӨ-ге шаққанда 1%-ға дейін төмендейді. 

Министрдің айтуынша, 2020 жылы мұнай тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 7%-ға дейін төмендейді ( 2019 жылы ЖІӨ-ге шаққанда 8,5%), 2022 жылы ол біртіндеп ЖІӨ-ге шаққанда 5,1%-ға дейін төмендейді. 

Аталған параметрлерді ескерумен республикалық бюджет шығыстары 2020 жылы – 12,7 трлн теңге, 2021 жылы – 13,2 трлн теңге, 2022 жылы – 13,6 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу