2022 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 87,1 трлн теңгені құрайды

685

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырды. 

2022 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 87,1 трлн теңгені құрайды

Министр келесі жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9% деңгейін құрауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Сыртқы және ішкі жағдайға байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлері әзірленді. Базалық сценарий кезінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 4,8%-ды, оптимистік сценарийде - 5%-ды және пессимистік сценарийде – 4,6%-ды құрайды. Негіз ретінде бюджетті жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылып отыр. Осы сценарий кезінде 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9% деңгейінде болжанды", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, 2022 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 87,1 трлн, ал 2026 жылы 119,9 трлн теңгені құрайды. Барлық базалық салада оң өсім болады. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу