2022 жылы Отбасы банк арқылы 80 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды

632

"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы "Отбасы банк" 2022 жылдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

2022 жылы Отбасы банк арқылы 80 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды Фото: elements.envato.com

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл аталған қаржы ұйымының несиелеу бағдарламалары арқылы 78 686 қазақстандық баспаналы болған. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында кезекте тұрған 10 518 адам Отбасы банк көмегімен тұрғын үйлі болды. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша - 1 247, "Шаңырақ" бағдарламасымен - 5 989 отбасы, "Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында 3 282 отбасы баспанасын алды.

Қазір "Отбасы банкте" 2,5 млн салымшы қаражат жинап жатыр. Күн сайын банкте 2 мыңға жуық жаңа депозит ашылады. 2022 жылы 600 719 қазақстандық Отбасы банкінен жаңа депозит ашқан. Банктің жалпы депозиттік портфелі 2 млрд теңгеге тең.

Жалпы елімізде рәсімделген ипотекалық несиелердің  67% -ы "Отбасы банк" үлесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу