Фейк: 2022 жылы Sputnik V вакцинасын алғандардың "жасыл" мәртебесі жойылады

1392

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Фейк: 2022 жылы Sputnik V вакцинасын алғандардың "жасыл" мәртебесі жойылады

2022 жылы 1 қаңтардан бастап Sputnik V вакцинасын салдырғандардың "жасыл" мәртебесі жойылады деген ақпарат жалған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде "2022 жылы 1 қаңтардан бастап Sputnik V вакцинасын салдырғандардың "жасыл" мәртебесі жойылады" деген ақпарат тараған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қандай вакцинаны алғаныңызға қарамастан Ashyq жүйесіндегі "жасыл" мәртебе екпенің екінші компонентін алған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады. Мысалы, биыл 30 сәуірде вакцинаның екінші дозасын алсаңыз, онда "жасыл" статус 2022 жылғы 30 сәуірге дейін сақталады", – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондықтан "2022 жылы вакцина алған адамдар Ashyq жүйесіндегі "жасыл" мәртебесін жоғалтады" деген ақпарат фейк болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу