2022 жылы сұлулық салондары 90 млрд теңгеге жуық қызмет көрсеткен

358

Биыл салондардағы қызмет бағасы 15,1%-ға өскен.

2022 жылы сұлулық салондары 90 млрд теңгеге жуық қызмет көрсеткен Фото: Бизнес бюро

Өткен жылы еліміздегі косметологтар мен сұлулық салондары көрсеткен қызмет көлемінің жалпы сомасы 89,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Мәселен, өткен жылы әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Ал ерлер шаштараздарының көрсеткен қызметтерінің жалпы сомасы 10,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда көрсетілген косметикалық қызмет көлемі өткен жылы 22,2 млрд теңгені құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған.

Сұлулық салондарындағы өзге де қызметтер көлемі 28,4 млрд теңгені құрады. (2021ж. – 11,2 млрд теңге).

Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 15,1%  өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу