2022 жылы Украинадан 200 000-нан астам босқын Латвияға келді

754

Латвия мемлекеттік шекара күзетінің мәліметі бойынша, өткен жылы Украинаның 223 277 азаматы елдің сыртқы шекарасын кесіп өтті.

2022 жылы Украинадан 200 000-нан астам босқын Латвияға келді

Бұл туралы inbusiness.kz LETA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ең қызығы, 205 776 босқын (92%-дан астам) Латвия-Ресей шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері арқылы кірген. Қазіргі уақытта елде 35 302 украиндық босқын тіркелген. Олардың ішінде 29% - кәмелетке толмағандар, ерлер — 24%, әйелдер — 47% құрайды. 11 433 украиндық өзіне тұрғын үй іздеген, бұл мигранттардың жоғары төлем қабілеттілігін көрсетеді.

Қорғаныс, Ішкі істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Сейм комиссиясының отырысында Латвия ІІМ Мемлекеттік хатшысы Димитрий Трофимов Парламент депутаттарына сарапшылардың болжамы бойынша 2023 жылы Украинаның тағы 40 000 тұрғыны Латвияға келетіндігін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу