2022 жылы жаһандық инфляция жоғары болып қалады

1134

Дамыған елдерде инфляцияның өсуі бойынша болжамдық көрсеткіш 3,9%-дан 5,7%-ға дейін, ал дамушы елдерде – 5,9%-дан 8,7%-ға дейін артады. 

2022 жылы жаһандық инфляция жоғары болып қалады

Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов арнайы брифингте осындай ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұнай бағасы да жоғары деңгейде қалып отыр. Әлемдік нарықта болжамдар аздап төмендеу жағына қарай қайта қаралуда. Бұл ретте, сарапшылардың болжамы бойынша, мұнай бағасы 2022-2023 жылдары орташа есеппен 90-100 доллар аралығында қалыптасады. Осындай болжамның әсерінен дамыған экономикаларда және негізгі сауда әріптес елдерінде инфляция айтарлықтай өсті, бұл импортталатын инфляцияның көтерілуіне ықпал етеді", – деді спикер. 

Оның сөзінше тұтынушылық белсенділіктің оң серпіні кезінде сұраныс пен ұсыныстың алшақтығы күшейеді. Бұл жоғары жаһандық инфляцияның басты себептерінің бірі болып саналады.

"Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2022 жылы жаһандық инфляция жоғары болып қалады. Дамыған елдерде инфляцияның өсуі бойынша болжамдық көрсеткіш 3,9%-дан 5,7%-ға дейін, ал дамушы елдерде – 5,9%-дан 8,7%-ға дейін артады. Инфляцияның жоғары деңгейде орнығу тәуекелдерінің артуы бойынша дамыған елдер өздерінің алдағы іс-әрекетіне қатысты ақша-кредит талаптарын күшейтуде", – деп түйіндеді Ғалымжан Пірматов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу