2023-2024 оқу жылына 88 мыңнан астам оқу гранты бөлінді

2003

Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарын дайындауға арналған.  

2023-2024 оқу жылына 88 мыңнан астам оқу гранты бөлінді Фото: qamshy.kz

2023-2024 оқу жылында 88 204 студент мемлекеттік грант бойынша білім алады. Грант саны биылғы оқу жылына бөлінген мөлшерден 19 пайыз немесе 16 500 грантқа артық. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 73 061 грантты құраған болатын. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің құжатынан белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатта соңғы 5 жылда грант саны 50%-дан астам артқаны жазылған:

  • 2019 жылы – 51 023 грант;
  • 2020 жылы – 51 056 грант;
  • 2021 жылы – 56 561 грант.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу