2023-2027 жылдары Абай облысына шамамен 1,9 трлн теңге инвестиция тартылады

Қаржы өңірдің ауыл шаруашылығы, туризм, көлік саласын және логистиканы дамытуға бағытталмақ.  

2023-2027 жылдары Абай облысына шамамен 1,9 трлн теңге инвестиция тартылады Фото: kazaknews.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Абай облысының 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өнеркәсіпті, пайдалы қазбаларды анықтау үшін геологиялық ізденістерді, ауыл шаруашылығын, туризмді, көлік саласын және логистиканы қоса алғанда, облысты дамытудың негізгі бағыттары бойынша 102 іс-шараны көздейді", – деді министр.

Бұдан басқа, жаңа білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін ашу, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

"2023-2027 жылдары өңір экономикасына шамамен 1,9 трлн теңге инвестиция тартылатын болады: 515 млрд теңге – республикалық бюджет, 110 млрд теңге  – жергілікті бюджет, 1,3 трлн теңге – жеке инвестициялар, 22 млрд теңге – білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен қарастырылады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу