2023 жылдан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі

Оның сомасы 8,5%-ға артады.  

2023 жылдан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі Фото: egemen.kz

Қазақстанда жаңа жылдан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Премьер-министрінің ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін", – деп жазылған қаулыда.

Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кететіні, Қазақстанда 6,6 млн жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады. Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді жылына 1,1 млн азамат алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу