ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 11-отырыс өтті.
"Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның авиациялық билігі арасында келісімге қол қойылды. Уағдаластықтар негізінде 2023 жылғы наурыздан бастап Алматы – Лахор (аптасына 2 рейс) және Алматы – Карачи (аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша тікелей жолаушылар рейстерін ашу жоспарланған", - делінген хабарламада.