2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторында соғыс басталғалы бері 28 мыңнан астам әйел мен қыз бала қаза тапты. БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының Reliefweb ақпарат қызметі "БҰҰ – әйелдер" құрылымының мәліметтеріне сілтеме жасап осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.
"БҰҰ – әйелдер" құрылымының хабарлауынша, 2023 жылдың қазан айынан бастап Израильдің шабуылдары салдарынан Газада әр сағат сайын орташа алғанда бір әйел мен бір қыз бала көз жұмады. Қаза тапқандардың арасында аналар да бар.
"2025 жылдың наурызында атысты доғару режимі тоқтатылғаннан кейін, Газадағы жағдай ушыға түсті", - делінген құжатта.
Гуманитарлық көмекті жеткізуге қойылған кедергілер нәтижесінде анклавтағы 1 миллионнан астам әйел мен қыз бала аштыққа ұшырап отыр.