2023 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасылар 33,1 млрд теңге жәрдемақы алды

2417

Мемлекеттік көмек 532,6 мың отбасыға төленді деп inbusiness.kz  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратты негізге ала отырып жазады. 

2023 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасылар 33,1 млрд теңге жәрдемақы алды Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 8,5 % -ға артқан. Қайтарымсыз көмек 4 және одан да көп балалары бар жанұяларға берілді. Бастысы баланың үлкені 18 ге, студент болған жағдайда 23 – ке толмауы тиіс. Мемлекеттік көмек отбасының табысына қарамайды. Осылайша: 

- 4 баласы бар отбасыларғы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге төленеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу