2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. Осылайша, мұғалімдердің жалақысы қазіргі уақытта екі есеге артты. 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті Фото: КазТАГ

 "Ел Президентінің қолдауы арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл -  біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен "Алтын белгі" иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді", - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу