2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның ЕДБ және айырбастау пунктерінде 4,3 млрд рубль жинақталған

424

Бұл мәліметті Ұлттық банк  Atameken business сауалына берген жауабында айтты.   

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның ЕДБ және айырбастау пунктерінде 4,3 млрд рубль жинақталған Фото: inbusiness.kz

Еске салайық, өткен аптада Үкімет Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қолма-қол ресей рублін экспорттауға рұқсат беретін құжатты бекіткен болатын.

Айта кетейік, бұл өткен жылдан бері үшінші рет қабылданған шешім. Мәселен, 2022 жылдың шілде-тамыз айларында қазақстандық банктер 34,3 миллиард рубль, ал ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында тағы 10,3 миллиард рубль шығарды.

Өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіштерде айтарлықтай өзгеріс бар. Мысалы, 2021 жылы банктер 5,5 миллиард рубль, 2020 жылы - 3,8 миллиард рубль, 2019 жылы - 14,3 миллиард рубль шығарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу