2023 жыл журналистер ең көп қаза тапқан жыл болды. Бұл соңғы онжылдықтағы БАҚ қызметкерлерінің үлкен шығыны. Бұл туралы Press Emblem Campaign /PEC/ швейцариялық үкіметтік емес ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Аталған ұйымның мәліметінше, 2023 жылы барлығы 140 журнаист қызмет барысында қаза тапқан. Оның 90-ы Таяу Шығыста қаза тапса, 20-сы Латын Америкасында, 11-і Африкада, 4-уі Еуропада және тағы үшеуі Солтүстік Америкада опат болған.
PEC мәліметтеріне сәйкес, Газа секторында өткен жылдың соңғы үш айында күн сайын орта есеппен бір журналист қаза тапқан. 7 қазаннан бері Палестина анклавында кем дегенде 81 БАҚ қызметкері опат болған.
"Біз мұндай бейберекет шабуылдарды айыптаймыз", - деді PEC президенті Блез Лампан.