2023 жылы 2,8 млн қазақстандық скринигтік тексеруден өткен

483

Скринигтен өткендердің 1,1 млн.ауыл тұрғыны.

2023 жылы 2,8 млн қазақстандық скринигтік тексеруден өткен Фото: Pixabay

Өткен жылы 2.8 млн қазақстандық скринигтік тексеруден өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда  медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 110 мыңнан астам маман, оның ішінде 34 195 дәрігер және 75 852 орта буын қызметкері жұмыс істейді.

Биылғы жылы скринингтік тексерулермен 2,8 млн. ересек адам қамтылды. Бұл ретте патологиялар 388 мың адамда анықталды, зерттеліп-қаралған 220 мың азамат диспансерлік есепке алынды. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үрдісі күшейіп, олардың саны 6,7 есеге артып, 688 мың қызметке жетті.

Амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет немесе 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет алды. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылды, - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Соңғы 3 жылдың ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 2 еседен астам ұлғайды, ол бүгінде 237 млрд.теңгеге жетті. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша нозологиялар санын 48-ден 126-ға дейін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС пакеттеріндегі тегін дәрілік препараттардың тізбесі-272-ден 347-ге дейін кеңейтілді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізу мақсатында еліміздің әрбір тұрғыны үшін 78 МСАК объектісі салынып, 80 бастапқы буын объектісі жөнделді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу