2023 жылы 260 заң қайта қаралады – Әділет министрі

576

2023 жылы 260 заң ревизияны ескере отырып, қайта қаралады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

2023 жылы 260 заң қайта қаралады – Әділет министрі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында заңнамалық актілерге нормалардың заңнамалық жағынан шамадан тыс регламенттелуі тұрғысынан ревизия жүргізуді тапсырған еді. Осы орайда келер жылы қайта қаралатын заңдар кестесі жақын арада бекітіледі.

"Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар жаңа тәсілдерді ескере отырып жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар өз ережелерінде заңға тәуелді актілерді қабылдау жөніндегі функцияларды бекіте алады. Заңнамада бұл үшін алғышарттар жасалған", - деді Әділет министрі Қ.Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу