2023 жылы 5 млн га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда

740

Биыл 5,2 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылған болатын.  

2023 жылы 5 млн га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда

Келер жылы 5 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауыл шаруашылығында биыл 21 млн тонна астық жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 2 есеге 220 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. 420 мың тонна жеңілдікті жанар-жағар май бөлінді. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен несие беру көлемі 145 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Келесі жылы қосымша 5 млн гектарды қайтару жоспарлануда", - деп атап өтті Премьер-Министр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу