2023 жылы 5 мың трактор мен 900 комбайн шығару жоспарланған

396

Кәсіпорындарды шағын торапты құрастыру әдісіне жоспарлы түрде ауыстыру көзделіп отыр. 

2023 жылы 5 мың трактор мен 900 комбайн шығару жоспарланған Фото: primeminister.kz

Биыл ауыл шаруашылығы машинасын жасау секторында 5 мың трактор мен 900 комбайн өндірісі жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жасап шығарылатын техника ірі торапты құрастыруға негізделген. 

"Біз кәсіпорындардың шағын торапты құрастыру әдісіне жоспарлы түрде ауысуын көздейміз. Секторды одан әрі дамыту ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қамтымайтын аспалы және тіркемелі техника өндірісін ұлғайтуға бағытталатын болады. Техниканың номенклатуралық қатарын кеңейту оқшаулау деңгейін арттыруға және сектордың импортқа тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Марат Қарабаев Қостанай облысында тракторларға арналған кабиналар өндірісі жолға қойылғанын тілге тиек етті.

"Кооперациялық байланыстардың белсенді дамуының үлгісі – "Қазрост" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Астық жинайтын комбайндарды жасап шығару кезінде отандық аккумуляторларды ("Қайнар-АКБ" ЖШС), орақтарды жылжытуға арналған арбаларды ("КАИК" ЖШС), теңгерімді отын бактарды ("Тыныс" АҚ), ауа сүзгілерді ("Қазтехфильтр" ЖШС), қасқыр орақтарды ("ДонМар" ЖШС) және басқа да компоненттер қолданылады", - деді ол.

Мәселен, Қостанай қаласында 50 мың шаршы метр алаңда Оқшаулау орталығы құрылған. Мұнда ұнтақты бояу цехы, престеу-дәнекерлеу учаскесімен дәнекерлеу цехы жолға қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу