2023 жылы 56 елді мекен газбен қамтылады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр 2023 жылы еліміздің елді мекендерін газдандыру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

2023 жылы 56 елді мекен газбен қамтылады Фото: LSM

 "Ел тұрғындарын газбен қамту аясында өткен жылы 142 жоба жүзеге асырылды.  Биыл 56 елді мекеннің 167 мың тұрғынын газбен қамту үшін 86 жоба жоспарланған", - деді Роман Скляр Сенатта өткен парламенттік тыңдау барысында.

Осылайша, елді газдандыру 60% дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар Скляр Қазақстандағы жылу электр стансалары мен электр желілерін тексеру қашан аяқталатынын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық жылу электр стансалары мен электр желілеріне ревизия жүргізілуде. Аудит ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Оның қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспары қабылданады", — деді Роман Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу