2023 жылы активтер сапасына бағалау жүргізілетін банктердің тізбесі мақұлданды

Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

2023 жылы активтер сапасына бағалау жүргізілетін банктердің тізбесі мақұлданды Фото: Mail.KZ

Кеңес жұмысына Қазақстан Ұлттық Банкінің, Президент Әкімшілігінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қаржы министрлігінің және Ұлттық экономика министрлігінің басшылары қатысты.

Отырыс аясында Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес мүшелері 2023 жылы банк секторы активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауды (бұдан әрі – AQR) және қадағалаушы стресс-тестілеуді (бұдан әрі – НСТ) жүргізу үшін енгізілген банктердің тізбесін мақұлдады.

Тұрақты AQR 2022 жылдан бастап қадағалау процесінің бір бөлігі болды.

Бұдан басқа, Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес мүшелері банктердің 2019-2020 жылдары өткізілген AQR нәтижелері бойынша түзету іс-шараларының жеке жоспарларын орындау нәтижелерін тыңдады.

Аталған жоспарлар толық орындалғанға дейін қатысушы банктер негізінен 2023 жылдың І жартыжылдығына орындалуы жоспарланған жаңа бизнес-процестерді автоматтандыруға байланысты іс-шараларды іске асыруы қажет.

Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылау барысындағы өз жұмысын жалғастыра береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу