2023 жылы алғаш рет "Қытай-Еуропа" пойызы Шанхайдан жөнелді

551

Сәрсенбіде Шанхайдан Қытай-Еуропа халықаралық жүк тасымалдау маршруттары аясында 2023 жылы алғашқы пойыз жолға шықты. 

2023 жылы алғаш рет "Қытай-Еуропа" пойызы Шанхайдан жөнелді Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы бүгін Inbusiness.kz 12 Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік хабарлағандай, ол жолда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Орталық Азияның басқа да елдеріне тоқтайды.

Пойыз жалпы салмағы 880 тоннадан асатын және құны 18,7 миллион юань (шамамен 2 2,76 миллион) болатын лифтілер, медициналық жабдықтар, автокөлік бөлшектері мен тұрмыстық химия сияқты 100 стандартты контейнерлерді тасымалдайды.

Мұндай алғашқы пойыз 2021 жылдың қыркүйегінде жолға шыққан.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Шанхай кедені арқылы Қытай-Еуропа бағыттары бойынша жүретін жалпы 53 жүк пойызы өтті. Олар жалпы салмағы 40 мың тонна, бағасы 1,3 миллиард юаньды құрайтын 5000-нан астам стандартты контейнерлерді тасымалдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу