2023 жылы Алматы экономикасына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023 жылы Алматы экономикасына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды Фото: inbusiness.kz

Шаһар басшысы мегаполисте жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отырғанын атап өтті. Мәселен, 2023 жылдың 11 айында негізгі капиталға 19,9% өсіммен 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.

Сонымен қатар, атап өтілгендей, жеке инвестициялардың өсімі 30,3%-ға дейін жеделдеді.

"Инвестициялар құрылымында IT-секторды 7,3 есеге, денсаулық сақтауды 3,7 есеге, өңдеу өнеркәсібін 19,2 пайызға және туризмді 2 есеге дамытуға баса назар аударатын сапалы өзгерістер бар", - деді Алматы әкімі.

Жоғары инвестициялық белсенділік пен экономиканың серпінді дамуы 2023 жылдың 8 желтоқсанында Fitch Ratings тарапынан Алматының кредиттік рейтингін "ВВВ" деңгейінде "Тұрақты" болжаммен растауға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу