2023 жылы Астанаға 300-ден астам электроавтобус жеткізіледі

511

Астанада 2023 жылы желіге 300-ден астам электроавтобус шығады. Елорда әкімдігі автопаркті қоғамдық көлікпен жаңарту және толықтыру бойынша, оның ішінде жеке инвестицияларды жұмылдыру есебінен жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.  

2023 жылы Астанаға 300-ден астам электроавтобус жеткізіледі Фото: gov.kz

Жаңа электр автобустары автопаркті айтарлықтай жаңартуға, жаңа маршруттарды енгізуге, аялдамаларда автобустардың күту аралығын қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта автобус паркін 300-ден астам электроавтобуспен жаңарту және толықтыру бойынша инвесторлармен келіссөз жүріп жатыр. Жеке инвестициялар есебінен қалада автобус паркі де салынды.

Бұған дейін Астанада желіге 115 электроавтобус шығарылған болатын. Биыл қыс мезгілінде желіге тағы 50 электроавтобус шығару жоспарда бар. Электр автобустары экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға пайдалы әрі қолданыста үнемді.

Сонымен қатар, биыл жыл басынан бері қоғамдық көлік маршруттарының 27 схемасын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді, жаңа маршруттар іске қосылды, Bus lane жаңа учаскелері енгізілді, 15 аялдама пункті қосылды және т.б. Соңғы жылдары 70 жылы аялдама орнатылды, тағы 20 жылы аялдама бойынша инженерлік желілерге қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу