2023 жылы Беларусьте ТМД елдерінің ойындары өтеді

690

II ТМД елдерінің ойындары 2023 жылдың 4-14 тамыз аралығында өтеді.

2023 жылы Беларусьте ТМД елдерінің ойындары өтеді Фото: Shutterstock.com

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Игорь Петришенко II ТМД елдерінің ойындарына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Алғашқы ойындар 2021 жылы Қазанда сәтті өтті. Өткен жылдың 20 желтоқсанында өткен ТМД дене шынықтыру және спорт кеңесінің отырысы барысында 2023 жылы Беларусь Республикасында II ойындарды өткізу туралы келісілген шешім қабылданды. Біздің еліміз бірнеше мәрте ең жоғары деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізген. Атап айтқанда, 2014 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты мен 2019 жылы өткен II Еуропалық ойындар", – деді Игорь Петришенко.

Оның айтуынша, Беларусь бұл жарыстарды ұйымдастыруға толығымен дайын. Себебі бұл елде барлық қажетті спорттық инфрақұрылым бар.

"Ойындарды өткізу тұжырымдамасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінің 9 қаласында спорттың 21 түрі бойынша спорттық іс-шараларды өткізуді көздейді. Ойындардың ерекшелігі оның бағдарламасына көптеген спорт түрлері қосылды", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу