2023 жылы бутадиен мен метанол өндіретін зауыттардың құрылысы басталмақ

Жалпы инвестиция сомасы 1 млрд долларды құрайды. 

2023 жылы бутадиен мен метанол өндіретін зауыттардың құрылысы басталмақ Фото: primeminister.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылы газ тасымалдау жүйесінің одан әрі дамуын айқындайтын Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған Бас схемасы өзектілендірілді. Жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен өңдеу көлемін ұлғайтуға ынталандыруға газ сатып алудың жаңа формуласы әзірленді. Әлемдік өндірушілердің ТОП-10 құрамына кіретін полипропилен өндіретін ірі мұнай-химия зауыты іске қосылды. 2023 жылға жалпы инвестиция сомасы 1 млрд доллар болатын бутадиен және метанол өндіретін зауыттардың құрылысын бастау жоспарланған", – деді министр.

Алдағы жылы "Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша" заң қабылданады, ол сұйытылған газ айналымының ашықтығын және әділ баға белгілеуді қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу