2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгеге жетеді

1252

Биыл 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 222 млрд теңге қарастырылған.

2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 561 мың теңгеге жетеді

Денсаулық сақтау министрлігі өткізген алқа отырысында "ақ халаттылардың" жалақысын көтеру мәселесі пысықталды. Ведомство басшысы Алексей Цойдың айтуынша мамандардың айлығы кезең-кезеңімен көтеріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

"Осылайша, 2021 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 320 мың теңге болады. 2023 жылы 561 мың теңгеге дейін жетеді. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге жетеді деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген. 2021 жылы – 222 млрд теңге, 2022 жылы – 362 млрд теңге, 2023 жылы-557 млрд теңге", – деді министр. 

2020 жылдың өзінде дәрігерлердің орташа жалақысы 30%, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20% өсті.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үкімет шешімімен материалдық қолдау көрсетілді. 3 тәуекел тобына 116 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу