2023 жылы елде 34 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр

632

Соның ішінде бірінші жартыжылдықта Парламентке 15 заң жобасын және екінші жартыжылдықта 19 заң жобасын енгізу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

2023 жылы елде 34 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр Фото: ult.kz

Қала құрылысы кодексі және бюджет кодексі, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік сатып алу, салық салу, сондай-ақ әкімшілік әділет, қылмыстық заңнамаларды жетілдіру бойынша заң жобаларын әзірлеу қарастырылған. Бұдан басқа, Су кодексін, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, масс-медиа бөлігінде жаңа редакциядағы заң жобаларын әзірлеу жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу