2023 жылы елімізде 37 мың адам әскерге шақырылады

1473

Әскерге шақыру наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан аралығында жүргізіледі.  

2023 жылы елімізде 37 мың адам әскерге шақырылады Фото: egemen.kz

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Қазақстанда 2023 жылы Қазақстанда 37 056 адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады. 2022 жылы көктемгі науқанда 17 мыңға жуық азамат әскерге шақырылса, күзде олардың саны 18 мыңды құрады.

Еске салайық, таяуда генерал-майор, "ҚР Қарулы күштері ардагерлері" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Нағұманов әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеруді ұсынған болатын.

"Қазір елімізде жастар жасы 29-дан 35-ке дейін көтерілуде. Бұл – халықаралық үрдіс. Тиісінше, мерзімді әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеру қажет", – деп түсіндірді бұл ойын генерал-майор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу