2023 жылы Германияға 993 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілген

555

Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.

2023 жылы Германияға 993 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілген Фото: Pixabay

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес кәсіпорны "ҚазТрансОйл" 2023 жылдың қорытындысы бойынша Германияға 993 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ведомства мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық мұнайды одан әрі Германияға жеткізу үшін "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова Застава" мұнай жеткізу бекетіне қарай тасымалдау көлемі 993 мың тоннаны құрады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес "ҚазТрансОйл" АҚ 2024 жылдың қаңтарында Германияға одан әрі жеткізу үшін 100 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр.

2024 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ Германияға жеткізу үшін "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова Застава" мұнай жеткізу пунктіне 1,2 миллион тоннаға дейін қазақстандық мұнайды жөнелтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, "ҚазТрансОйл" АҚ — магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу