2023 жылы гуманитарлық көмекке жұмсалатын шығын 51 млрд доллар болуы мүмкін – БҰҰ

639

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер және төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитс 2023 жылы шұғыл гуманитарлық мәселелерді шешу үшін рекордтық 51,5 млрд доллар қажет болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

2023 жылы гуманитарлық көмекке жұмсалатын шығын 51 млрд доллар болуы мүмкін – БҰҰ Фото: google.com

"Бұл таңқаларлық көрсеткіш. Гуманитарлық көмекке деген сұраныс өте жоғары, биылғы төтенше оқиғалар 2023 жылы да жалғасады", - деді ол.

БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы 2023 жылы 339 млн адам шұғыл көмекке мұқтаж болады деп есептейді. Сонымен бірге,  гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы донор елдерді 2023 жылы 68 елде тұратын ең мұқтаж 230 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат бөлуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу