2023 жылы инфляциялық процестер баяулайды деп күтіледі – Ғалымжан Пірматов

Қазан айының қорытындысы бойынша инфляция 18,8%-ға жетті.

2023 жылы инфляциялық процестер баяулайды деп күтіледі – Ғалымжан Пірматов Фото: etleboro.org

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жоғары құбылмалылық пен белгісіздіктің орын алуы 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, оның ішінде ақша-кредит саясаты мен төлем балансының көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етуде. Экономиканы фискалдық ынталандыру аясында инфляциялық күтулердің артуына байланысты және азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік өсуінен Қазақстанда да инфляция қарқын алып келеді. Қазан айының қорытындысы бойынша инфляция 18,8%-ға жетті", – деді бас банк төрағасы.

Болжамға сәйкес биыл, сыртқы инфляцияның ішкі бағаларға әсеріне, инфляциялық күтулердің миграциялық шок салдарынан артуына байланысты инфляция өсуін жалғастырады.

"Жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатын ескере отырып, сыртқы инфляциялық қысымның болжамды төмендеуіне байланысты 2023 жылы инфляциялық процестер баяулайды деп күтіледі", – деді Ғалымжан Пірматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу