2023 жылы қандастар үшін қанша квота бөлінеді?

814

Биыл қандастарға 1499 квота бөлінген болатын.  

2023 жылы қандастар үшін қанша квота бөлінеді? Фото: qandastar.kz

Ашық НҚА сайтында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" бұйрық жобасы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Аталған жобаны қабылдау мақсаты – қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылғы өңірлік квотасын белгілеу. Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды", - деп жазылған құжатта.

Оған сәйкес келер жылы қандастар үшін – 1925 квота,  қоныс аударушылар үшін 6727 квота бөлінуі мүмкін.

Құжатты жария талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу