2023 жылдың 12 айында қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 71 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
"2023 жылы финпирамида белгілері бар 35 жоба бойынша сот үкімі шықты. Толық тізім Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында жарияланған. 2023 жылдың 12 айында қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша 71 қылмыстық іс тіркелді. Бүгінгі таңда финпирамида белгілері бар 35 жоба бойынша 49 сот үкімі шығарылды, 79 адам сотталды және 11 үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - деп түсіндірді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Сонымен қатар, Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында сот үкімдері шығарылған қаржылық пирамидалардың, сондай-ақ, қаржылық пирамидалардың белгілері бар жобалар мен компаниялардың тізімдері жарияланды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.