2023 жылы Қашағандағы мұнай өндірісі 43%-ға артады

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ведомствоның алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

2023 жылы Қашағандағы мұнай өндірісі 43%-ға артады Фото: КазТАГ

2023 жылы Қашағанда 18,2 млн тонна мұнай өндіру жоспарлануда

2022 жылы 12,7 млн тонна мұнай өндірілген. Осылайша, өсім 43% құрамақ.

Бұл ретте газ өндіру көлемі 2022 жылғы 8,1 млрд текше метр болса, 2023 жылы өндірісті 11,9 млрд текше метрге дейін арттыру (+47%) жоспарланған.

 Еске сала кетсек, Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы бірінші теңіз мұнай-газ кен орны, сондай-ақ елдегі ең ірі халықаралық инвестициялық жоба. Кен орнындағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың 1 қарашасында басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу