2023 жылы қазақстандық стартаптар 280 миллион долларға IT қызметтерін экспорттады

Қазақстанның 14 аймағында аймақтық IT хабтары сәтті ашылды, ал биылғы жылға тағы 7-сі жоспарда бар. 

2023 жылы қазақстандық стартаптар 280 миллион долларға IT қызметтерін экспорттады Фото: freepik

Astana Hub технопаркінің мүшелері 2023 жылы IT қызметтерін әлемнің 85 еліне экспорттады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Технопарк қатысушыларының IT экспортындағы көлемі 282,4 млн долларға жетті. Сонымен қатар, 57,6 млрд теңге инвестиция тартылды, ал жалпы кіріс 400,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, ашылған жұмыс орындарының саны 25 мыңнан асты.

"Біздің қатысушылар 2022 жылмен салыстырғанда, IT қызметтерінің экспортын 84,3%-ға арттырып, 85 елді қамтыды. Топта АҚШ, Ресей, Мексика, Кипр, Сингапур және Ұлыбритания бар. Стартаптардың экспорттық әлеуеті жеделдету бағдарламаларының, соның ішінде Google for Startups және Draper Startup House сияқты әлемдік көшбасшылармен табысты ынтымақтастықтың арқасында айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, Silkroad Innovation Hub компаниясының іске қосылуы – Силикон алқабындағы Орталық Еуразияның IT стартаптарына арналған алаң.

Қазақстанның 14 аймағында аймақтық IT хабтары сәтті ашылды, тағы 7 аймақта биылғы жылға жоспарланған", – деді "Аstana Hub" технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.

Айта кету керек, Қазақстанды Орталық Еуразияның жетекші цифрлық орталығы ретінде бекіту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылға қарай IT экспорт көлемін 1 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Сонымен қоса, 100 мың білікті IT мамандарын дайындау және еліміздің аймақтарында Astana Hub тәжірибесін кеңейту міндеттері қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу