2023 жылы көлік полициясы 1700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады

540

Бұл көрсеткіштің 77%-ында қылмыс ашылды. 

2023 жылы көлік полициясы 1700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады  Фото: polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, қылмыстың негізгі үлесі ұрлық болған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы арқылы тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, ҚХР-дан Венгрия мен Францияға барған жүк-автокөлік бөлшектерін ұрлау және швейцариялық компания жүк алушысы болған Маңғыстаудағы алюминийді ұрлау фактілері анықталды. Қытай жүк алушы болып табылатын Павлодар облысында ферроқорытпаларды ұрлаған бір топ адам ұсталды, залал 370 млн теңгеден асты. Таразда 147 тонна аммофос ұрлығы анықталды. Өзбекстанның жүк алушысына келтірілген залал 35 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, теміржол мен әуежайдың жекелеген қызметкерлерінің ұрлық жасау фактілері орын алды. Мысалы, Қарағандыда жолдардың жоғарғы құрылыстарын ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды және залал 83 млн теңгені құрады. Бұдан бөлек, Астана әуежайында әуе жолаушыларының багажын ұрлап әкеткен жүк тиегіштер ұсталған. Осыған байланысты, қылмыстық істердің материалдары сотқа жолданды", - деп түсіндірді Бақытжан Малыбаев.

Сондай-ақ, департамент 53 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1664 шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу