2023 жылы Қытай автокөлік экспорттаудан рекорд орнатты

439

4,91 миллион көлік экспортталған.

2023 жылы Қытай автокөлік экспорттаудан рекорд орнатты Фото: Синьхуа

2023 жылдың соңында Қытайдың автомобиль экспорты 57,9 пайызға өсті. Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының мәліметтері бойынша, елдің автомобиль өндірушілері шетелдегі қатысуын кеңейту арқасында бір жылда рекордтық 4,91 миллион бірлікке қол жеткізген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл көрсеткіш бұған дейінгі жылдардан анағұрлым жоғары, мәселен 2022 жылы 3 миллионнан астам көлік, ал 2021 жылы 2 миллионнан астам көлік экспортталған.

Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2023 жылы Қытайда автомобиль өндіру және сату көлемі 11,6 және 12 пайызға өсті, яғни 30,16 млн көлік өндірілсе, сатылғаны 30,09 млн бірлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу