2023 жылы Орталық Азияда жолаушылар ағынын 12%-ға артады

Аймақтың әлеуеті жоғары. 

2023 жылы Орталық Азияда жолаушылар ағынын 12%-ға артады Фото: Turist Delfi

Бұл туралы ACI Еуропаның экономикалық мәселелер және бәсекелестік жөніндегі директоры Майкл Стантон-Геддес елордада өтіп жатқан авиациялық форумда айтты. 

Жиынның екінші пленарлық сессиясы  авиаотын нарығының негізгі жаһандық үрдістері және олардың Орталық Азия үшін транзиттік әлеуетке әсері  тақырыбына арналды. 

"Орталық Азия нарығында жолаушылар ағынын қамтамасыз ету үшін үлкен әлеует бар. Біздің деректеріміз бойынша, 2023 жылы жолаушылар ағыны 12%-ға артады" - деді ACI Еуропаның экономикалық мәселелер және бәсекелестік жөніндегі директоры Майкл Стантон-Геддес. 

Әр елден жиналған сала мамандары өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсынды. 

"Осындай форматтағы іс-шараның бүгінде Орталық Азияда өтіп жатқаны қуантады. Әуе қауымдастығы бүгін биоотынға көшумен қатар, өзекті мәселелерді талқылау және шешу үшін кездесіп отыр. Жаһандық міндеттерді шешу үшін әуе қоғамдастығына мемлекеттік органдарды шоғырландыру және қолдау қажет", – деді ICAO амбассадоры, iPADIS президентi Олимуиюва Бернард Алиу. 

Сонымен қатар жиын барысында "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС (Қазақстан) және CNAF (Қытай Халық Республикасы) Jet А-1 маркалы авиаотынды жеткізу кезінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу