2023 жылы Ресей мен Қытай тауар айналымын 40%-ға арттырды

918

Тауар айналымы ақшалай мәнде 73,148 млрд долларға жетті.

2023 жылы Ресей мен Қытай тауар айналымын 40%-ға арттырды Фото: Профиль

ҚХР Бас кеден басқармасының ресми деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап Ресей-Қытай тауар айналымы 41,3%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.

Осы уақыт аралығында қытайлық жеткізушілер Ресейге 33,686 млрд долларға тауар әкелді (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда+67,2%). Кері бағытта 39,462 млрд долларға (+24,8%) өнім жөнелтілді.

Егер сәуір айын бөлек қарастыратын болсақ, онда екіжақты тауар айналымы 19,228 млрд долларға жетті, оның ішінде ресейлік жеткізілім 9,606 млрд долларды, ал қытайлықтар Ресейге — 9,621 млрд долларға тауар жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу