2023 жылы республикалық бюджетке салмақ түседі

837

Мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту керек.

2023 жылы республикалық бюджетке салмақ түседі

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясындағы жобалар өзін-өзі ақтамай отырғанын айтты. 

"Біз бұдан бұрын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жүзеге асырылған жобалардың кемшіліктерін атаған болатынбыз. МЖӘ жобаларының артуы тартылған инвестиция көлемімен сай келмейтіндей мемлекеттің міндеттеме аясын тым кеңейтіп жіберді. 1 теңгелік жеке инвестиция тарту үшін бюджеттен 2 теңге алуға тура келеді", – деді есеп комитетінің төрағасы.

Наталья Годунованың айтуынша, мемлекеттің міндеттемесі мен инвестордың міндеттемесі бірдей емес. Салмақтың ауырын мемлекет көтереді. 

"Бұл жол жеке серіктестерді жұмыс нәтижелілігін арттыруға ынталандырмайды. Біздің есептеуімізше, 2023 жылы республикалық бюджетке орташа есеппен құны 58 млрд теңгені құрайтын салмақ түседі. Бүкіл өңірлер бойынша, 2020-2021 жылдары жергілікті бюджеттерге 70 млрд теңгелік салмақ салынады. Сол себепті МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық есебі әдістемесін қарастыра отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту керек", – деді ол. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу