2023 жылы үй бағасы қымбаттай ма?

1057

"Отбасы банк" басшысы баспана бағасына қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

2023 жылы үй бағасы қымбаттай ма? Фото: inbusiness.kz

"Менің ойымша, алдағы жылы екі тенденция қалыптасады. Алғаш рет негізгі және қайталама жылжымайтын мүлік нарығы бөлінеді және олардың әрқайсысының өзіндік тренді болады. Бүкіл әлемде қайталама меншікке қарағанда жаңа жылжымайтын мүлік әрқашан әлдеқайда қымбат, тек біздің елде ғана олардың бағасы ұқсас. Орналасқан жеріне байланысты 1963 жылы салынған үйдің құны 2021 жылы салынған үймен бірдей болуы мүмкін. Бірақ бұған құрылыс материалдары, технологиялар, архитектуралық тәсіл жағынан да экономикалық және қаржылық алғышарттар жоқ. Менің ойымша, 2023 жылы алғаш рет қос нарықтың бағалары алшақтайды", –  "Отбасы Банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, қайталама жылжымайтын мүлік нарығында бағаның өсуіне объективті себептері жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу