2023 жылы запастағы 345 офицер әскерге шақырылады

664

Бұл 2022 жылғы есептен 2 есеге жуық көп, деп жазады inbusiness.kz.  

2023 жылы запастағы 345 офицер әскерге шақырылады Фото: zakon.kz

Запастағы офицерлерді әскерге шақыру 2023 жылы да жалғасады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Қорғаныс министрлігі 2023 жылы запастағы 345 офицерді әскерге шақыруды жоспарлап отыр.

Олар келесі әскери құрылымдарға тартылады:

  • ҚР Қарулы күштеріне – 260 адам;
  • ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 60 адам;
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 адам;
  • ҚР Ұлттық ұланына – 9 адам.

Заң бойынша әскерге 29 жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер шақырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу