2023 жылы жаһандық электр энергиясына сұраныстың өсуі 1,9%-ға дейін баяулайды

Былтыр электр энергиясына әлемдік сұраныс 2,3%-ға артты. 

2023 жылы жаһандық электр энергиясына сұраныстың өсуі 1,9%-ға дейін баяулайды Фото: gov.kz

Халықаралық энергетика агенттігі осындай болжамымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұйымның мәліметінше, бұған дамыған мемлекеттердегі экономикалық мәселелер ықпал етеді. Былтыр электр энергиясына әлемдік сұраныс 2,3%-ға артты. Ал биыл бірқатар өңірлерде теріс үрдіс байқалады, сондықтан сұраныстың өсуі 1,9%-ға дейін баяулауы мүмкін.

Осылайша, Еуропалық одақ елдерінде және Жапонияда сұраныс 3%-ға, ал АҚШ-та 1,7%-ға төмендейді деп күтілуде.

Үндістан мен Қытайда қарама-қарсы тенденцияны байқалады. Аталған елдерде электр энергиясына сұраныс сәйкесінше 6,8% және 5,3% өседі деп күтілуде.

"2024 жылы жаһандық сұраныстың өсу қарқыны қалпына келіп, 3,3%-ға жетеді, бұл ретте әлемде өндірілетін энергияның үштен бірінен астамы жаңартылатын көздерден алынады", – деп хабарлайды ХЭА.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу